"Әлсіздердің әрекеті": Бақтияр Артаев Париждегі боксшыларымыз туралы айтты

3314

Баркер кубогының иегері отандастарымыз сәтсіздікке ұшырады деген пікір білдірді.  

"Әлсіздердің әрекеті": Бақтияр Артаев Париждегі боксшыларымыз туралы айтты Фото: REUTERS

Қазақстан құрамасының намысын ширек финалда қорғаған Айбек Оралбай әзербайжандық былғары қолғап шеберіне есе жіберді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Афина Олимпиадасының чемпионы, Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев отандастарымыз сәтсіздікке ұшырады деген пікір білдірді. 

"Алланың бұйыртқаны болады. Бәрі адамның еңбегіне байланысты. Алдын-ала тон пішіп, жігіттерді сөге алмаймын. Олардың еңбегі бар. 4 жыл аянбай тер төкті.  Сондықтан да қазір хейт іздемей, тәуіптік жасамайық. Боксшыларымыз, өкінішке қарай, сәтсіздікке ұшырап, қысымшылық көріп отырғанда оларға тіреу болудың орнына аяғынан шалмау керек. Былғары қолғап  шеберлері  әлем чемпионатында топ жарғанда бәріміз марқайып қуандық. Ал ұтылып қалған кезде, жерден алып, жерге салғанымыз ұят болар. Ол тектілікке жатпайды. Бұл - әлсіздердің әрекеті. Қазір керісінше есе жіберген жігіттерімізге де қолдау жасап, жұбатып, жігерлендіріп, болашақта жақсы өнер көрсетуіне тілектес болуымыз қажет. Алла нәсіп етсе қалған жігіттерімізге алтын бұйырсын", - деді Бақтияр Артаев.

Артаев байрақты бәсекеде өнер көрсететін спортшыларымыздың бәрі алтын алуы мүмкін екенін айтты.

"Барлығына құрметім зор,  бәрінің де қолынан келеді. Ең бастысы Алла бағы мен сәтін салсын. Қыздардан да үміт күтемін. Алтын жүлде уысымызға түседі.  Жақсы жаңалықтар болады әлі" - деп жауап берді Олимпиада чемпионы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу