"Alstom" компаниясы Қазақстанға 50 миллион еуро инвестиция салуға ниетті

478

Қасым-Жомарт Тоқаев "Alstom" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Анри Пупар-Лафаржды қабылдады.

"Alstom" компаниясы Қазақстанға 50 миллион еуро инвестиция салуға ниетті

Кездесу барысында Мемлекет басшысына компанияның инвестициялық жобалары туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Alstom" компаниясы жақын арада жылжымалы құрам мен теміржол инфрақұрылымына арналған электровоздар мен жабдықтар шығару, сервистік қызмет көрсету жобаларын іске асыруға 50 миллион еуро инвестиция салуға ниетті. Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Жамбыл және Түркістан облыстарында сервистік орталықтар ашу жоспарланып отыр.

Cондай-ақ Анри Пупар-Лафарж компания осы жобаларды жүзеге асыру барысында мыңнан аса жергілікті маманды даярлайтынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу