ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Польшадағы бұрынғы елшісі Алтай Әбибуллаевқа қатысты мәселеге түсінік берді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
"Мәселенің мән-жайы шаруашылық субъектінің коммерциялық қызметіне араласуға әрекет жасауына байланысты болып отыр. Алдағы уақытта осы тектес жағдайлар қайталанбас үшін біз тиісті қорытынды шығарып, қажетті шараларды қабылдаймыз", – деді министр мәжілістегі үкімет сағатынан кейін. Осы орайда ол тиісті органдар тарапынан сотқа дейінгі тергеу амалдары болғанын жеткізді.
"Бұл ретте тергеу амалдарының құпиялығы, кінәсіздік презумпциясы, сондай-ақ адамның абыройы мен адамгершілігі ұстанымдары назарда болуға тиіс", – деді Әбдірахманов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу