Алтай ауданында сорғы станциясы тәулік бойы жұмыс істеуде

198

 Бұрынғы кен орнындағы қалдық және артық суды шығарып отырған аталмыш станция 2010 жылы іске қосылған. 

Алтай ауданында сорғы станциясы тәулік бойы жұмыс істеуде Фото: ШҚО әкімдігі

Алтай ауданында болған ШҚО әкімі Ермек Көшербаев ауданда жұмыс істеп тұрған карьерден суды сору станциясының жұмысымен танысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Айта кетсек, кен орнының жұмысы тоқтатылғаннан кейін, карьерде су жиналып, жағын көл пайда болған. Жергілікті мекенге қауіп төнбес үшін су мөлшері қауіпті деңгейден асқаннан кейін, сорғы станциясы іске қосылып, артық суды ағызып отырады.

Қазіргі су тасқыны кезеңінде қауіптің алдын-алу үшін сорғы станциясы тәулік бойы жұмыс жасап тұр. Одан бөлек жергілікті әкімдік бөгет салып, су өткізуші құбыр орнатқан. Сондай-ақ, алдағы уақытта қосымша станция салу жоспарын немесе су өткізуші жер асты канал салу жұмысын ойластырмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу