Алтай ауданында үш жігіт ермек үшін аялдаманы қиратқан

367

Келтірілген шығын көлемі 1 млн теңгеден асқан.

Алтай ауданында үш жігіт ермек үшін аялдаманы қиратқан Фото: instagram.com/osa_news_vko

Алтай ауданында үш жігіт ермек үшін аялдамалар мен жол белгілерін талқандаған. Олардың біреуі кәмлет жасына әлі толмаған. Үлкені 26 жаста. 

Белгілі болғандай 8 қыркүйекте Серебрянск қаласының полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғындар хабарласып,  аялдама кешені мен маңайындағы жол белгілерді белгісіз біреулердің сындырып кеткенін айтқан. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер үш күдіктіні қолға түсірген. Олар 26 және 18 жастағы ағайындылар мен олардың 17 жастағы танысы екен.

- Үшеуі аялдаманы ермек үшін талқандап кеткен. Олар үйге қайтып бара жатқанда араларындағы жасы үлкені жол белгісін тепкілей бастады. Қызық көрген 17 жастағы жасөспірім ағасына қосыла кеткен. Осы кезде үшіншісі де бағанаға шығып, жол белгісін қолымен майыстырды, - ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметі. 

Осының салдарынан келген шығын көлемі 1 млн теңгеден асқан. 

- Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 202-бабы 1-бөлігімен (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бап бойынша үш мыңнан жеті мың АЕК-ке (10 млн 350 мың-24 млн 150 мың теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл төлеуге, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылуға, не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін, - делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу