Алтай ауданының әкімдігі мемлекеттік сатып алу рәсімін заңсыз өткізген

425

Ол әкімдік басқа кәсіпкердің мүдделеріне заңсыз қолдау көрсеткендігін айтты.

Алтай ауданының әкімдігі мемлекеттік сатып алу рәсімін заңсыз өткізген Фото: inbusiness.kz

Алтай ауданының әкімдігі мемлекеттік сатып алу рәсімін заңсыз өткізген. Аудан кәсіпкері Октябрь ауылдық округі әкімдігінің автокөлік құралдарын жөндеу бойынша шарт жасасудан негізсіз бас тартқаны және осы елді мекенде тұратын басқа кәсіпкердің мүдделеріне заңсыз қолдау көрсеткендігін айтты.

Алтай ауданының кәсіпкері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментіне жүгінген. 

Анықталғандай, кәсіпкердің мемлекеттік сатып алу байқауындағы өтінімі "бағаның сәйкес келмеуі" себебінен қабылданбаған. Осылайша, әкімдік ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары" бұйрығының 450-тармағының 2-бөлігінің талаптарын бұзған.

- Осы мәселеге байланысты ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өңірлік "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, мүдделі тараптармен кездесу өткізді. Нәтижесінде, әкімдік бірінші байқаудың қорытындысын жойып, байқауды қайта өткізетін болды. Кінәлі маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу