Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында жөнделіп жатқан Ленин ескерткіші қирап қалғаны туралы видео тарады. Орын алған жайтты қала әкімдігі растады.
Белгілі болғандай Алтай қаласының орталығында орналасқан Лениннің ескерткішіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Тіпті бұл мақсатта аудан әкімдігінен қаражат бөлінген. 15 тамыз күні жұмыс барысында мердігер компанияның жүк тиегіш көлігі ескерткішті құлатып, қиратып алған.
Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта осыған орай тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ескерткіштің жөндеу жұмыстары кезінде құлап кетуіне байланысты құқық қорғау органдары тексеру жүргізуде. Оқиғаның барлық мән-жайы содан кейін белгілі болмақ, - деп қысқа қайырды әкімдіктен.
Видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр. Желі қолданушылар қираған ескерткіштің орынына Абай Құнанбаевтың немесе басқа да қазақтың батыр, билерінің ескерткішін қою керек деген пікірлер жазып жатыр.