Алтай қаласында сегіз көшеге жаңа атау берілді, деп хабарлайды altaynews.kz.
"2019 жылдың 14 қаңтарында Алтай ауданы әкімдігінің қаулысымен Алтай қаласындағы көшелерді қайта атау туралы шешімі шықты", – деді аудан әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы Дмитрий Козлов.
Ленин көшесі Астана болып, ал Советская – Тәуелсіздік, Лениногорская – Вишневая, Канавная – Родниковая, Пролетарская – Спорттық, Ворошилов – Еңбек, Советский тұйық көшесі Тенистый болып өзгерді.
Коммунистическая көшесі Тоқтаров көшесінің жалғасы болады.
"Тұрғындарға көше атауларының өзгеруіне байланысты құжаттарды өзгертудің қажеті жоқ", – деп түсіндірді Дмитрий Козлов.