Алтай Көлгінов әкім болудан шаршады ма?

1042

Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы өткен брифингте елорда басшысына осындай сұрақ қойылды.

Алтай Көлгінов әкім болудан шаршады ма?

Алтай Көлгінов бас қаланың әкімі ретінде жұмыс істеуден шаршамағанын атап өтті. 

"Мемлекеттік қызметте жұмыс істегеніме мақтанамын. Күн тәртібіндегі міндеттерді барынша шешуді өз міндетім деп санаймын. Оған мектептер салу, қолжетімді тұрғын үй, көпірлер салу, азаматтарымыздың әлеуметтік мәселелерін шешу, яғни қаланың жалпы дамуы жатады", – деді Елорда әкімі. 

Айта кетсек, Алтай Көлгінов бұл қызметке 2019 жылдың маусым айында тағайындалған.

Бұдан бөлек брифингте Алтай Сейдірұлының ай сайын 2 млн теңгеге жуық жалақы алатындығы да айтылды.

"Жауапкершіліктің жоғары екендігін атап өткім келеді. Мемлекеттік қызметкер ретінде айтарым, негізгі мақсат табыс табу емес, қоғамға пайда әкелу", – дейді Алтай Көлгінов. 

Айта кетсек, журналистер жалақыға қатысты жоғарыдағы сұрақты Алматы әкіміне де қойған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу