Алтай Көлгінов әскери комиссариатқа қосымша ғимарат бөлуді тапсырды

550

Қалалық әскери комиссариат 70 жыл бұрын салынған ғимаратта орналасқан.

Алтай Көлгінов әскери комиссариатқа қосымша ғимарат бөлуді тапсырды

Қалалық әскери комиссариатқа қосымша ғимарат бөлінеді. Бұл туралы қала әкімі өз инстаграм парақшасында бөлісті.

"Қалалық әскери комиссариат қызметкерлері 70 жыл бұрын салынған ғимаратта жұмыс істейді. Бұл мекеменің аумағы әскери міндеттілердің шақыру комиссиясы кезінде қаншалықты тығыз орналасқанын айтпағанда, қызметкерлердің өздері үшін де жеткіліксіз. Сонымен қатар, медициналық жабдықтардың жетіспеушілігі бар. Бүгін қалалық құрама пунктінің (әскери комиссариат) қызметкерлерімен кездесіп, медперсоналмен сөйлестім. Қосымша ғимарат бөлуді тапсырдым. Бұл еңбек жағдайын едәуір жақсартады. Сондай-ақ қажетті медициналық жабдықтарды сатып аламыз. Осылайша мекемені толығымен жабдықтаймыз", – деп жазды Алтай Көлгінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу