Алтай Көлгінов: Биыл қолжетімді тұрғын үй көлемі үш есе артты

539

Биыл жалпы алғанда 1 мыңға жуық пәтер беріледі. 

Алтай Көлгінов: Биыл қолжетімді тұрғын үй көлемі үш есе артты

Елордада қол жетімді баспана көлемі 2020 жылы үш есеге артты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграмдағы" парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Қазақстандық ипотекалық компаниямен" бірлесе іске асырып жатқан әлеуметтік пәтер алушылар санатын көбейттік. Енді бұл қолжетімді баспанаға дәрігерлер, мұғалімдерден басқа әлеуметтік қызметкерлер, полицейлер, мәдениет қайраткерлері мен спортшылар үміткер бола алады. Биыл жалпы алғанда 1 мыңға жуық пәтер беріледі. Іске асыру мәселелері бүгін ҚИК-пен келісілді. Бұдан басқа, кезекте тұрғандар (халықтың әлеуметтік әлсіз топтары), тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін тұрғын үй салу бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Сондай-ақ, келесі жылдарға дайындалып жатырмыз. Президенттің тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді тұрғын үй көлемі үш есе артты", – деп жазды Алтай Көлгінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу