Алтай Көлгінов: Дәмханадағы жарылыстан қаза тапқан қыздың отбасына көмек көрсетіледі

649

Қазіргі уақытта жарылыс салдарынан зардап шеккен адамдар саны 33-ке жетті. 

Алтай Көлгінов: Дәмханадағы жарылыстан қаза тапқан қыздың отбасына көмек көрсетіледі

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында елордада дәмханадағы газ баллоны жарылуы салдарынан қаза тапқан қыздың отбасына көмек көрсетілетінін жазды.

"Газ баллон жарылған кезде бөлмеде болған қыздың отбасы мен туыстарына көңіл айтамын. Марқұмның отбасына көмек көрсетіледі. Төтенше жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Жедел штаб құрылып, психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету үшін жедел желі 24-51-71, 24-51-47 құрылды", – деп жазған қала әкімі.

Бұған дейін елордада дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, 1 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. Қазіргі уақытта жарылыс салдарынан зардап шеккен адамдар саны 33-ке жетті. Олар аруханаларға жеткізілгені белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу