Алтай Көлгінов қала жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болатынын айтты

896

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов шаһар жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болатынын айтты.  

Алтай Көлгінов қала жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болатынын айтты

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Елорда жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болуы үшін дамытып жатырмыз. Осы мақсатта абаттандырылған қоғамдық кеңістіктер санын жыл өткен сайын еселеп арттырамыз. Бұл демалуға, серуендеуге және спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді. Бүгін қаланы аралау барысында абаттандырылатын және ары қарай дамытатын орындарға бардым. Абаттандыру жұмысы қаланың барлық ауданында, әсіресе елді мекендерде жүріп жатыр", - деді қала әкімі.

Оның айтуынша,  Алматы ауданында (Бауыржан Момышұлы мен Төлебаев көшелерінің қиылысы "Дәулет" теннис орталығының маңайы) қараусыз қалған орынға "Жерұйық-2" саябағы салынады. 

"Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бірлік күні мерекесі қарсаңында қала тұрғындарымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен бірге гүлзар орнатып, ағаш отырғыздық. Сондай-ақ биыл жазғы маусымда осы жерде волейбол және баскетбол алаңдарын, жүгіру жолын, ворк-аут аймағын, серуендеу инфрақұрылымын және демалыс аймағын салуды жоспарлап отырмыз", - деді Алтай Көлгінов.

Ол осыған дейін қалада Көкталда 16 гектар болатын саябақ ашылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу