Алтай Көлгінов: Қаланы су басу қаупі бар

1100

Тасқын суға қарсы күрес штабы құрылды.

Алтай Көлгінов: Қаланы су басу қаупі бар

"Биыл қардың жаууы мен ылғалдың түсуі нормадан 3,5 есеге жуық жоғары. Көшелерден 2 млн кубтен артық қар шығардық. Жолдар қазір таза. Қала ішіндегі орамдардағы аулалар мен жеке тұрғын үй секторын қардан тазартуды бастадық. Биыл қар өте қалың екенін білесіз. Жұмыс істеп жатырмыз", – деді әкім халыққа есеп беру кезінде.

Қары мол боранды қыста еңбек еткен мемлекеттік қызметтердің жұмысын әкім айырықша атап өтті. Биыл қыста қар құрсауынан мыңнан астам адам құтқарылған.

"Өздеріңіз куәсіздер, үш боранды бастан өткердік. Боран кезінде мемлекеттік қызметтердің күшімен мыңнан астам адам құтқарылды. Төтенше жағдайлар қызметі, полиция, тіпті әскерилер де құтқару жұмыстарына жұмылдырылды. Бірде-бір адам шығыны жоқ. Бұл осы қызметтердің еңбегі", – деді.

Алтай Көлгінов елорда әкімдігі тасқын сумен қалай күресуді жоспарлап отырғанын айтты.

"Бүгінгі күні тасқын суға қарсы күрес штабын құрдық. Жауапты адамдар тағайындалды. Барлық қызметтер күшейтілді. Қажетті жол техникаларын алдық. Келесі мәселе – қаланы су басуына жол бермеу керек. Қазір ондай қауіп бар. Су басу қаупін азайту үшін біз ертең су реттеуішке, су бөгеніне барамыз. Жекеменшік үй секторын жауаптылық аймағына бөліп, әріптестерімізге тапсырдық. Наурыз айына дейін күні-түні қарды барынша шығаруымыз керек",– деді қала басшысы.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу