Алтай Көлгінов кезекті рет азаматтарды қабылдады

1273

Орталық ашылған сәттен бастап екі ай ішінде мамандар 4,5 мыңнан астам адамды қабылдады.  

Алтай Көлгінов кезекті рет азаматтарды қабылдады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қабылдауға жазылған азаматтармен кездесті, деп хабарлайды қала әкімнің баспасөз қызметі.

Тұрғындарды толғандыратын негізгі мәселелердің қатарына тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, жұмысқа орналасу, медициналық көмек пен білім алу мәселелері жатады. Сондай-ақ, азаматтарды қабылдауда үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері болды. Қолөнершілер орталығын ашу мәселесі көтерілді.

3 ай ішінде елорда әкімі А. Көлгінов 500-ден астам адамды қабылдады. Азаматтарды қабылдау апта сайын өтеді. Келіп түскен әрбір өтініш бойынша жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ, азаматтарды қабылдау аудандық әкімдіктер мен "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында өткізіледі. Орталықта "бір терезе" қағидаты бойынша қала тұрғындарына 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу