Алтай Көлгінов: LRT үшін енді мен жауап бермеймін

659

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов LRT жобасы жөнінде сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz. 

Алтай Көлгінов: LRT үшін енді мен жауап бермеймін Фото: google

Алтай Көлгінов қазіргі саласының ол жобаға қатысы жоқтығын айтты.

"LRT менің құзыретімдегі шаруа емес. Мен ол сұраққа жауап бермеймін. Бұл әкімдіктің мәселесі. Мен әкімдікте жұмыс істеген кезде ол туралы бірнеше рет пікір білдіргенмін. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, біз өлі нүктеден қозғалдық. 50 млрд теңге бөлініп, жұмыс басталып кетті. Әкімдік жұмысты жалғастыруда", - деді Көлгінов үкімет кулуарында.

Алтай Көлгіновтың айтуына қарағанда, балкаларды даярлау, құрылымдары әзірленіп жатқанын айтты.

"Ең бастысы, қаражат бөлінді. Жұмыс жалғасып жатыр", - деп түйді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу