Алтай Көлгінов не істеуі керек?

1104

Президент елорда әкіміне міндет жүктеді.

Алтай Көлгінов не істеуі керек? Фото: Серікжан Қобыланбаев

Үкіметтің кеңейтілген отырысынд Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әкімі Алтай Көлгіновке тапсырма берді. 

"Қаланы әрдайым абаттандыру жұмысын жүргізіп тұру керек. Сіз аудан әкімдерін осы маңызды жұмыстарға бағыттауыңыз керек. Соның ішінде өз орынбасарларыңыздың бірін осы жұмысқа бекіту керек. Егер тиісті маман жетпей жатса, үкіметпен ақылдасып, жұмысқа алыңыздар. Себебі бізге келетін адамдар – өз халқымыз болсын, шетелдік меймандар болсын – қаланың кемшін тұстарына назар аударады. Бұл климаттық жағдаймен байланысты екенін түсінемін. Бірақ елордада әрдайым абаттандыру жұмысын жүргізіп тұру керек. Себебі бұл қала – біздің мемлекеттің бет-бейнесі", – деді Президент. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елорда әкімі Алтай Көлгінов қала маңын әлеуметтік, көліктік және тұрғын үй инфрақұрылымдарымен қамтуға басымдық беруге тиіс.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу