Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтандық энергетика саласы мамандарының жалақысын көтеруді тапсырды

781

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының энергетиктерімен кездесіп, олардың жалақысын әлде де көтеруді тапсырды.

Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтандық энергетика саласы мамандарының жалақысын көтеруді тапсырды Фото: Александр Куприенко

Олар "Астана-АЭК" АҚ, "Астана-Энергия" АҚ, "Астана Теплотранзит" АҚ жұмысшылары, оның ішінде "Астана Су Арнасы" МКК мамандары. Қосымша сыйақы да берілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бастап энергетиктердің жалақысы (барлық ведомстволық ұйымдар) артты. Қала әкімі қызметкерлерді энергетиктер күнімен құттықтап, еңбек жағдайларын жүйелі түрде жақсарту қажеттігін атап өтті.

"Бізің климат күрт континенталды, елордамыз әлемдегі ең суық астаналардың бірі. Энергетиктердің тынбай еткен еңбегінің арқасында қалаға жылу, жарық, су үздіксіз келіп тұрады. Қыс айларында энергия көздеріне түсетін салмақ артады. Алтыншы турбинаны қосу бізге қосымша 120 МВт электр энергиясы мен жылыту үшін 180 гигакалория береді. ЖЭО-1 және ЖЭО-2 қазандықтары газға ауыстырылды. Бұл шаралар энергия көздеріне салмақ түсірмеуге мүмкіндік береді.

Еңбек жағдайын жасау үшін биыл жалақыны жоспарлы түрде көтере бастадық, келесі 2021 жылы жалғастырамыз. Біз жұмысшыларымыздың еңбегін бағалаймыз! Еңбектеріңіз үшін рахмет! Энергетиктер күнімен!", - деді Алтай Көлгінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу