Алтай Көлгінов ЖЭО жұмысшыларын қабылдады

579

Нұр-Сұлтан қаласындағы ЖЭО жұмысшыларына сыйақы берілді.  

Алтай Көлгінов ЖЭО жұмысшыларын қабылдады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов "Астана – Энергия" қызметкерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қала әкімі қаланы жылумен қамтамасыз етуде олардың маңызды әрі жауапты жұмыс атқарып жүргенін атап көрсетті.

"Елорданың ЖЭО – қала тіршілігіндегі стратегиялық маңызды кәсіпорын. Сіздердің жұмыстарыңыздың арқасында қаладағы барлық үйлер мен объектілер жылумен қамтамасыз етіліп отыр. Соңғы он жылдың ішінде қаладағы тұрғын саны екі есе ұлғайды, көптеген үйлер, әлеуметтік объектілер салынды. Қала өскен сайын оның электр және жылу жүктемесі де соған сәйкес артып отыр. Өткен жылдарда станция қуаты электр бойынша 2,5 есе және жылу энергиясы бойынша 2 есе ұлғайып, бүгінде 480 МВт және 2 530 Гкал болып отыр. Келесі жылы 2 – ЖЭО-ға қосымша 180 Гкал жылу қуатын (№ 8 котлоагрегат) және 120 МВт электр қуатын (№ 6 турбоагрегат) енгізуді жоспарлап отырмыз. Біз сіздердің еңбектеріңізді бағалаймыз. Келе жатқан Жаңа жылмен құттықтай отырып, сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға денсаулық, бақ-береке тілеймін!", –  деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

"Астана-Энергия" қызметкерлерінің жұмысқа деген жауапкершілігі үшін сыйақы берілді.

"Астана-Энергия" ұжымында 1500 адам екі ауысым бойынша жұмыс істейді. Бүгінде 1- ЖЭО мен 2-ЖЭО қаланың екі жарым мың көппәтерлі тұрғын үйлерін және 300 әлеуметтік-мәдени объектілерін жылуэнергия ресурстарымен қамтамасыз етіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу