Алтай Көлгінов жол құрылысын тексерді

1447

Қала әкімі көпірдің, жол және коммуналдық инфрақұрылымның құрылыс жұмыстарының барысын тексерді. 

Алтай Көлгінов жол құрылысын тексерді

А. Көлгінов №26,27,29,38 және 356 жобалық атаулары бар көшелерге барды, деп хабарлайды елорада әкімдігінің баспасөз қызметі. Көшелер шаршысында асфальт төсеу, нөсерлі канализацияның тазарту, су құбырының сыртқы инженерлік желілерін, жылу желілерін төсеу, сондай-ақ тротуарлық жабынды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

№29 көшенің асфальтталған жолы қаланың ең қауырт учаскелерін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Жұмыс аяқталғаннан кейін осы аумақта автобус қозғалысын іске қосу, аялдамалар орнату жоспарлануда, әлеуметтік объектілерге өту айтарлықтай жеңілдетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу