"Алтай Полиметал" жұмысшылары наразылыққа шықты

1197

Қарқаралы ауданы аумағында орналасқан компанияның 150 жұмыскері жұмыстан шығарылған.

"Алтай Полиметал" жұмысшылары наразылыққа шықты

Компания жұмысшылары өздеріне күн бермеген басшыларын жұмыстан шығаруды талап етуде. "Алтай полиметаллы" ЖШС Теректі тау-кен байыту кешенінің жұмысшылары басшылық тарапынан қысымға ұшырағандарын әрі заңсыз жұмыстан қуылып жатқандары жөнінде наразылықтарын жеткізді.

"Шын мәнінде бұлар халықтың талабын ескермей отыр. Негізсіз жұмыстан шығарып жібергендерді қайтадан жұмысқа алсын, ал басшыны жұмыстан шығару керек. Бізге басшылық қысым көрсетіп, әртүрлі сылтау тауып жұмыстан шығып кетуге итермелейді", – деп мәлімдеді Теректі тау-кен байыту кешенінің жұмыскері.

Наразылықтарын білдірген жиын барысында жұмысшылар бастықтарының еңбек етіп жүрген жұмысшыларды қорқытып, өз еріктерімен жұмыстан кетуге ықпал еткенін айтты. Жұмыстан шыққандардың көбісі сол елді мекен тұрғындары екен. Айтуларынша 150 жұмысшының жұмыстан шығарып жіберген.

Оларға өтемақы төленбеген, тіпті қызметтік пәтерлерінен қуа бастаған. Жұмысшылардан жасақталған белсенді топ компания басшылығына бірқатар талаптарын қойды. Олар жұмысынан шыққандарды пәтерден шығармауды және басшылықтың жұмыскерлер құқығын таптамай дұрыс жұмыс жасауын, кәсіподақ ұйымын құруды, қауіпсіздік қызметі тарапынан заңсыз әрекетке тыйым салуды сұрап отыр.

Жұмысшылардың наразы жиынына Қарқаралы ауданы әкімі Ерлан Құсайын да барды. Билік бұл жағдайды өз қадағалауымызға алдық деп мәлімдеп отыр.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу