Алтайда халықаралық ақындар айтысы өтеді

908

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында өтетін "Алтайдай жер қайда?" атты халықаралық айтысқа 16 ақын қатысады.

Алтайда халықаралық ақындар айтысы өтеді

Алтай тауының баурайында өтетін халықаралық айтысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыз және Моңғолия елдерінің айтыскер ақындары қатысады. Елімізден Бекарыс Шойбеков, Мұхтар Ниязов, Ринат Зайытов, Еркебұлан Қайназаров, Рүстем Қайыртай, Әсем Ереже, Шұғайып Сезімхан, Қалижан Ділдашев, Қазірет Бердіхан, Жарқын Жұпархан, Серік Қуанған, Ардабек Ақбаба сынды ақындар бақ сынайды. Ақындардың өнеріне Алмас Ахметбек, Ұлықбек Есдаулет, Серік Құсанбаев, Серік Қалиев, Дәулеткерей Кәпұлы мен Кәмел Жүністегі қазылық етеді. Айтысты белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізеді. 

Айтыс 1 шілдеде сағат 10:00-де Катонқарағай ауылындағы орталық саябақта басталады. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған халықаралық айтыстың жалпы жүлде қоры 13 млн теңгеден асады, үздік айтыскерге бес миллион теңге бұйырады.

Айтыс екі кезеңнен тұрады – іріктеу және финал. Мақсаты бабадан жалғасқан ұлттық айтыс өнерін ұлықтап, Алтай тауының көркемдігін дәріптеу.

Таунар Қайратұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу