Алтайда тікұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты

289

Тағы бір әйелдің жағдайы өте ауыр. 

Алтайда тікұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты Фото: РБК

Алтайда тікұшақ апатқа ұшырап, ауруханаға түскен бір әйел Барнауыл ауруханасында қаза тапты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өңірлік өкілдігі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Дәрігерлердің тырысқанына қарамастан, денесінің 95%-ын күйік шалған ауыр халдегі әйелдердің бірі демалыс күні қаза тапты. Ол өкпені жасанды желдету аппаратының көмегімен тыныс алып жатқан. Осылайша, Алтайдағы әуе апатынан қаза тапқандар саны бес адамға жетті", - деп атап өтті ведомстводан.

Дәрігерлер тағы екі науқастың жағдайын бақылауда ұстап отыр. Тағы бір әйелдің жағдайы өте ауыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу