Биыл небәрі алты айдың ішінде 142 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Atameken Business.
Сондай-ақ, 23 лауазымды тұлға орнынан босатылып, екеуінің қызметі төмендетілген. 22 азаматқа қатаң сөгіс жарияланып, 26-сына ескерту жасалған. Ал өткен жылы тәртіптік жауапкершілікке 361 шенеунік тартылған болатын. 29 қызметкер орнынан қуылып, 4-еуінің лауазымы төмендетілді. 56 азаматқа қатаң сөгіс жарияланып, 52-сіне ескерту жасалған.
Көбіне тәртіптік жауапкершілікке этикалық нормаларды сақтамағандықтан, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттері мен заңсыз қадамдары үшін тартылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу