Алты айда елде 53 млн тонна көмір өндірілді

619

Биыл 120 млн тонна көмір өндіру жоспарланған. 

Алты айда елде 53 млн тонна көмір өндірілді

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша еліміздің көмір өндіруші компаниялары 53,0 млн тонна көмір өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9% - ға артық.

Биыл Қазақстанда 120 млн тонна көмір өндіру жоспарланған. Осылайша елдің ішкі нарығына 82 млн тонна, экспортқа 38 млн тонна көмір жеткізілетін болады. Сондай-ақ, Украина бағытында 80 мың тоннаға және ҚХР бағытында 50 мың тоннаға жеткізу көлемін ұлғайту мәселелері қарастырылып жатыр.

Бүгінде Министрлік әкімдіктердің деректері негізінде 2020-2021 жылдарға коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін және халыққа арналған көмір өнімдеріне қажеттілік жоспарын қалыптастырды. Осы жоспарға сәйкес тұтыну көлемі 10 млн тоннаны құрайды, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға-2,8 млн тонна, халыққа – 7,2 млн тонна көмір қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу