Алты араб мемлекеті : Катар жанкүйерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды

1183

Алты араб мемлекеті : Катар жанкүйерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды

Катарда 2022 жылы футболдан әлем чемпионаты өтпей қалуы мүмкін. Алты араб мемлекеті Халықаралық футбол федерациясына Катарда өтуі тиіс халықаралық жарысты басқа жерге ауыстыру туралы өтініш жасады. Бұл туралы The Local ФИФА басшысы хабарлайды, деп жазады ҚазАқпарат. 

Халықаралық спорт ұйымына Сауд Арабия, Йемен, Мавритания, БАӘ, Бахрейн және Египет елдері бірлесіп өтініш білдірген. Өтініште форс-мажорлық және басқа да "есептелмеген" жағдайларға байланысты жарысты Катарда өткізбеу жайы айтылған. Бастама авторлары Катарды "терроризмді қолдаушы" деп атап, ол жанкүйерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды деп көрсеткен.

Еске сала кетейік, 5 маусым күні араб елдері  Катармен дипломатиялық байланыстарды үзетіндігін жариялаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу