Алты боксшы Thailand Open турнирінің жартылай финалына шықты

600

Қазақстандық алты боксшы Thailand Open турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алты боксшы Thailand Open турнирінің жартылай финалына шықты

Ширек финалдық бәсекенің алғашқы күнінің нәтижесі бойынша алты спортшы жартылай финалда жұдырықтасады. 

Назарларыңызға бүгінгі жекпе-жектердің нәтижесін ұсынамыз.

Тимур Нұрсейітов (75 келі) - Сумит (Үндістан) - 0:5 (27:30, 27:30, 27:30, 27:30, 27:30)

Аятулла Тәкіжанов (75 келі) - Борворн Кадамнуан (Таиланд) - 5:0 (30:26, 30:26, 29:28, 30:27, 29:28)

Сағындық Тоғамбай (91 келі) - Нгуен Ман Куон (Вьетнам) - үшінші раундта жекпе-жек тоқтатылып, жеңіс Тоғамбайға берілді.

Айбек Оралбай (91 келі) - Гаурав Чаухан (Үндістан) - 4:1 (30:27, 30:27, 30:27, 30:27, 29:28)

Санатәлі Төлтаев (63 келі) - Чу-Эн Лай (Қытайлық Тайбэй) - 3:2 (28:27, 27:28, 26:29, 29:26, 28:27)

Сұлтан Мусинов (63 келі) - Ву Тан Дат (Вьетнам) - Мусинов алғашқы раундта жеңіске жетті

Асланбек Шымбергенов (69 келі) - Маржон Пианар (Филиппин) - Үшінші раундта жекпе-жек тоқтатылғандықтан жеңіс Аслан Шымбергеновке берілді.

Айта кетерлігі, Сәкен Бибосынов пен Серік Теміржанов 1/4 финалындағы жекпе-жектерін 6 сәуір күні өткізеді. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу