Алты боксшымыз Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды

933

Қазақстан сапынан бір боксшы ғана жеңіліс тапты.

Алты боксшымыз Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды

Тайландтың Бангкок қаласында бокстан Азия чемпионаты жалғасуда. Әзірге, алты қазақстандық боксшы ширек финалға өтті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Екінші жарыс күнінде Теміртас Жүсіпов (49 келі), Дина Жоламан (54 келі), Қайрат Ерәлиев (56 келі), Алуа Балқыбекова (48 келі), Санатәлі Толтаев (64 келі) және Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) шаршы алаңға шыққан болатын. 

49 келідегі Жүсіпов төрешілер шешімімен тайландтық Самак Саеханды жеңіп, ширек финалға жолдама алды. 

54 келідегі Дина Жоламан БАӘ өкілі Фахима Альфакиді айқын басымдықпен ұтса, 56 келідегі Қайрат Ерәлиев ирандық боксшыны ұпай санымен жеңді.  

Санатәлі Толтаев аса тартысты өткен кездесуде шаршы алаң иесі Сомчай Вонгсувандтан өз мықтылығын көрсетті. Ал 75 келідегі Тұрсынбай Құлахмет кувейт боксшысын бірінші раундта есеңгіретіп, Азия чемпионатының ширек финалына өтті. 

48 келідегі Алуа Балқыбекова Оңтүстік Корея өкілі Чорон Пакты жарыс жолынан ығыстырды. 

Әзірге, Қазақстан сапынан бір боксшы ғана жеңіліс тапты. Бірінші жарыс күнінде Сәния Сұлтанқызы тәжікстандық қарсыласына есе жіберген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу