Алты кенші қаза тапқан "Абай" шахтасын тазалау бүгін аяқталады

722

"Абай" шахтасында апат болған жердегі үйіндіні тазарту жұмыстары бүгін аяқталады.

Алты кенші қаза тапқан "Абай" шахтасын тазалау бүгін аяқталады

Бұл туралы Сенатта өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тақырыбындағы Үкімет сағатында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Еске саламыз, 7 қарашада "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Абай" шахтасында ауаға метан тараған. Бұл уақытта шахтада 64 адам жұмыс істеп жатқан, 56-сы жер бетіне өздері шыққан. Апат салдарынан екі адам зардап шегіп, алты кенші қаза тапты.

Бүгінде аталған көмір разрезінде жұмыстар уақытша тоқтатылған. Бір мезгілде шахтада 8 мың текше метрден астам метан тараған. 100 тоннадан астам тау-кен массасы үйіндісі түскен. 

"Ол жерді мемлекеттік комиссия тексеріп жатыр. Үйіндіні тазарту жұмыстары да жалғасып жатыр. Менің ойымша, бүгін кешке қарай бұл жұмыстар аяқталады. Қазір өтіп жатқан Үкімет сағатынан кейін, комиссия төрағасы ретінде оқиға орнына (шахтаға) барамын. Осы орайда аталған апаттың болуы себептерін анықтау жұмыстары жүреді", – деді Юрий Ильин.

Полиция Қылмыстық Кодекстің 277-бабы 3-бөлігі (тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан қауіпсіздік қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Оның айтуынша, реттеу жүйесіндегі қайта-қайта жасалған реформалар мен бизнес үшін талаптарды қысқарту бойынша қадамдар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік реттеу жұмыстарын әлсірете түсті. Осы орайда өнеркәсіптік тәртіп деңгейі төмендеп, өндірістерде техногендік апаттар саны өсті. 

"Абай" шахтасы ArcelorMittal трансұлттық болат құю концернінің құрамына кіреді. Қазақстандық кәсіпорын жылына 5,5 млн тонна өнім шығаратын толықтай интеграцияланған металлургиялық өндіріс болып есептеледі. Компанияда 15 көмір шахтасы мен темір кені бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу