Алты компанияға зейнетақы қорын басқаруға рұқсат берілуі мүмкін

819

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу шеңберінде қазақстандықтардың зейнетақы активтерін басқаруға 6 компанияға рұқсат берілуі мүмкін.

Алты компанияға зейнетақы қорын басқаруға рұқсат берілуі мүмкін

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, жалпы бұл бағытта 18 компания қарастырылған. Олардың тек алтауы белгіленген талаптарға сәйкес келген, деп хабарлайды .

Қаулы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, ресми жарияланғаннан кейін күшіне енетінін болады. Бұған дейін бұл құқықты зейнеттік жасқа жетпеген, ең төменгі жеткілікті шегінен асатын зейнетақы жинақтары бар, сондай-ақ сақтандыру компанияларымен зейнетақы аннуитетінің шартын жасасқан адамдар пайдалана алатыны айтылған болатын.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін автокөлік алуға жұмсау ұсынылды

Автобизнес қауымдастығы Зейнетақы қорындағы ақшаны көлік сатып алу үшін берілуін сұрап отыр. Бұл туралы "Астана Моторс" компаниясының басшысы Нұрлан Смағұлов мәлімдеді. 

Олигархтың сөзінше қауымдастық қазір индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне осындай өтініш жасаған. Ал аталған министрлік өз кезегінде Ұлттық экономика министрлігіне осындай сұрау салған.

Айта кету керек қазір бұл ұсыныс жауапты министрліктердің қарауында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу