6 миллион алимент төлемеген әке қамауға алынды

355

Айыпталушы сотқа келуден жалтарған. 

6 миллион алимент төлемеген әке қамауға алынды Фото: freepik

Маңғыстау облысында алимент төлеуден жалтарған борышкер қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты облыс прокуратурасына сілтеме жасап. 

"Жаңаөзен қаласының прокуратурасы алимент бойынша 6 млн теңге берешегі бар борышкерге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабымен тіркелген қылмыстық істі сотқа жолдады", - деп жазылған прокуратура таратқан ақпаратта.

Айыпталушы сотқа келуден жалтарған, қала прокурорының өтінішімен сот борышкерге іздеу жариялады.

"Жүргізілген іздестіру іс-шаралары нәтижесінде борышкер Қостанай қаласында ұсталып, қамаққа алынды", - деді прокуратура тарапы. 

Қазіргі уақытта алимент бойынша берешек толық өтеліп, қылмыстық іс сотқа жолданған 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу