Алты облыс пен Шымкент қаласы толығымен МИБ пен ҚС-ға көшті

744

МИБ – Мүлік иелері бірлестіктері, ҚС – қарапайым серіктестіктер.

Алты облыс пен Шымкент қаласы толығымен МИБ пен ҚС-ға көшті

Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшу аясында тұрғын үй реформасын іске асырудың проблемалық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, өңірлерде пәтер иелері бірлестіктері мен қарапайым серіктестіктерді басқарудың жаңа нысандарына көшу бойынша жақсы көрсеткіштер бар. Бүгінгі таңда еліміз бойынша 46 522 көппәтерлі тұрғын үй басқарудың жаңа нысандарына көшуге жатады және 42 мыңнан астамы жаңа нысанға көшкен.

Оның ішінде, 5 мыңға жуығы ОСИ, 37 634 – қарапайым серіктестік нысанына.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында, сонымен бірге Шымкент қаласында басқарудың жаңа нысандарына көшу толығымен аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу