Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 1 желтоқсан күні күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 70-75%. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістанда күндіз шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғуы ықтимал. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылордада солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 95-100%.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.
Жамбыл облысының кей жерлерінде 1-2 желтоқсан күндері тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.
Таразда 1-2 желтоқсанда кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 1-2 желтоқсан күндері тұман түседі.
Петропавлда да тұман болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.
Ақмола облысының кей жерлерінде 1 желтоқсан күні тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.