23 қаңтарда Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ертең Атырау қаласында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.
23-24 қаңтарда түнде Ақмола облысында ауа температурасы 30-35, кей жерлерде 38 градусқа дейін күрт төмендейді.
23-24 қаңтарда түнде Көкшетауда 32-34 градус аяз болуы мүмкін.
23 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік батыстан соққан жел, солтүстікке ауысады, түнде кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
23 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Жел оңтүстік батыстан солтүстік батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.
Ертең күндіз Қызылорда қаласында жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Жел оңтүстік батыстан солтүстік батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
23-24 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы минус 30-35-ке дейін төмендеуі мүмкін.
24 қаңтарда түнде кей жерлерде 40 градус қатты аяз болады.
23 қаңтарда түнде Петропавлда ауа температурасы минус 32-34 дейін төмендейді, 24 қаңтарда түнде 37-39 градус қатты аяз болуы ықтимал.
23 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік батыстан соғады, 15-20 м/с дейін күшейеді.