2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жасалды

1310

Ақтөбе, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Атырау, Түркістан, Қызылорда облыстарында ауа райы бұзылады.  

Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жасалды

6 маусымда Ақтөбе облысында кей жерлерінде найзағай күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 18 м/с жетеді.

6 маусымда Маңғыстау облысының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

6 маусымда түнде Шығыс Қазақстан облысындағы таулы жерлерде жаңбыр жауады, арты қарға ұласуы мүмкін. Кей жерледре найзағай ойнап, дауыл соғады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен cоғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Сол күні Өскеменде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.

6 маусымда Семейде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.

6 маусымда түнде Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз шаңды дауыл со,ады. Солтүстік-батыс, солтүстіктен соғатын жел жаңбыр кезінде 15-20 м/с жетеді. Сол күні түнде Атырау қаласында күн күркіреп, найзағай жарқылдайды.

6 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Шығыстан тұрған желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с күшеюі мүмкін.

Сол күні күндіз Шымкентте шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

6 маусымда Түркістан қаласында шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

6 маусымда Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, арты шаңды дауыл ұласуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу