Алты облыста дабылды ескерту жарияланды

1612

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.

Алты облыста дабылды ескерту жарияланды

Қазақстанның алты облысында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РММ.

Күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде 42°С  қатты ыстық күтіліп, кей жерлерінде шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с болады деп күтілуде.  

Атырау облысында кей жерлерде найзағай, дауылды жел, шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан жел соғады, 15-20м/с, 35-37 градус қатты ыстық, кей жерлерде 40 градусқа дейін өте қатты ыстық болады.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауып, солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Өскемен қаласында күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 17 м/с дейін жетеді

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, найзағай, дауыл болады. Шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде 40 градус ыстық болуы мүмкін.

Шымкент қаласында түнде және таңертең шығыстан соғатын желдің күші  15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түркістан қаласында түнде және таңертең шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.         

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу