Алты облыста дауылды ескерту жарияланды

578

Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің 6 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алты облыста дауылды ескерту жарияланды Фото: baq.kz

13-14 қарашада Қостанай облысында жауын-шашын, батыста, облыстың орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Боран, көктайғақ болады. 13 қараша облыстың солтүстігінде тұман болжанады. Жел оңтүстік-батыс, батыс бағытында 15-20 м/с соғады, екпіні 23-28 м/с. Сол күні облыстың оңтүстігінде, шығысында кейде 30 м/с немесе одан да артық жылдамдықпен жел соғады.

13-14 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын, 14 қарашада солтүстікте, батыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Боран, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыс бағытында 15-20 м/с соғады, екпіні 23-28 м/с, күндіз 13 қарашада облыстың оңтүстігінде кейде 30 м/с және одан да артық жылдамдықпен соғады.

13-14 қарашада Ақмола облысында жауын-шашын, 14 қарашада облыстың солтүстігінде, батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Боран, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыс бағытында 15-20 м/с соғады, екпіні 23-28 м/с, 13 қарашада күндіз, 14 қарашада түнде облыстың солтүстігінде, шығысында кейде 30 м/с және одан да артық жылдамдықпен соғады.

14-15 қарашада Қарағанды облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Боран, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыс бағытында 15-20 м/с соғады, екпіні 23-28 м/с, 14 қарашада, 15 қарашаға қараған түні солтүстікте кейде 30 м/с немесе одан да артық жылдамдықпен соғады.

14 қарашада Павлодар облысында жауын-шашын, боран, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыс бағытындағы жел 15-20 м/с соғады, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстігінде кейде 30 м/с және одан да артық жылдамдықпен соғады.

14-15 қарашада Жамбыл облысында жауын-шашын, 15 қарашада облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста жел оңтүстік-батыс бағытында, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 14-і күні таңертең және күндіз, 15 қарашада тәулік бойы кейде 30 м/с және одан да артық жылдамдықпен соғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу