Алты облыста мектеп формасын алуға қаражат аз бөлінген

682

Абай, Атырау, Жетісу, Жамбыл, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстары оқушыларға мектеп формасын және кеңсе тауарларын алуға жеткіліксіз қаражат бөліп отыр.

Алты облыста мектеп формасын алуға қаражат аз бөлінген

Бұл туралы Үкіметтің 16 тамыздағы отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Егер бұрын бір балаға бөлінетін қаржы әр өңірде әрқалай, 17 мыңнан 40 мыңға дейін болса, енді биыл оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен, яғни 37 389 теңгеден аз болмауы керек. Алайда қолдағы ақпаратқа сәйкес, алты өңір балаларға мектеп формасын және кеңсе тауарларын алуға жеткіліксіз қаражат бөліп отыр. Осыған орай, әкімдіктерге қажетті қаражатты бөле отырып, мектеп формасы мен кеңсе тауарларының қолжетімді болуы үшін кешенді жұмысты жүргізуді сұраймыз", – деді Аймағамбетов.

Айта кетейік, биыл материалдық көмек ата-ананың есепшотына түседі. Енді ата-аналар мектеп формасы мен кеңсе тауарларын өздері сатып ала алады. Бұрын сатып алуды әкімдік жүргізетін. Ол өз кезегінде киімнің өлшемі мен сапасына қатысты көп наразылық тудыратын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу