Алты өңір бойынша қазан айына 38 150 тонна көмір жеткізу жопсарланған

647

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 6 өңірдің 9 өңірлік операторы сатып алушы болды. Оның ішіне Ақмола, Павлодар, Қостанай, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары кіреді, деп жазады inbusiness.kz ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Телеграм каналына  сілтеме жасап.

Алты өңір бойынша қазан айына 38 150 тонна көмір жеткізу жопсарланған

 2022 жылғы 25 шілде мен 1 тамыз аралығында "Каспий" тауар биржасы" АҚ сауда алаңында "Қаражыра" АҚ өндірісінің коммуналдық-тұрмыстық көмірінің кезекті биржалық сауда-саттығы өтті.

Ол 2022 жылға арналған жеткізу жоспарына және тауар биржалары (20%) арқылы коммуналдық-тұрмыстық көмірді сату жөніндегі секциялық қағидалар шеңберінде өткізілген.  

"Көмір саудасының жалпы көлемі бір құрал бойынша 38 150 тоннаны құрады (Д маркалы көмір, коммуналдық-тұрмыстық, ірілік сыныбы – 0-300 мм, Qri (отынның жануының төменгі жылуы) – 4 900 ккал/кг, Аd (күлділігі) – 15,9%, ҚР СТ 1816-2014). Жалпы сомасы – 287 643 272 теңге, жеткізу мерзімі – 2022 жылдың қазан айы", – делінген хабарламада.

Спот сауда-саттық түріне сәйкес биржалық тауар сауда-саттық өткізілген айдан кейінгі үшінші айда жөнелтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу