Алты өңір "қызыл" аймақта тұр

1958

Осыдан бір күн бұрын еліміздің 4 облысы мен 1 қаласы, атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Атырау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы коронавирус инфекциясының таралу деңгейі бойынша "қызыл" аймақта болған еді. Бүгін бұлардың қатарына Солтүстік Қазақстан облысы қосылды. 

Алты өңір "қызыл" аймақта тұр

Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой: "Жыл басталғалы "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа 3 өңір, Қостанай, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы өтті. "Жасыл" аймақтан "сары" аймаққа Алматы мен Қарағанды облыстары өтті. Осылайша 19 қаңтардағы жағдай бойынша "қызыл" аймақта 6 өңір тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы. "Сары" аймақта үш өңір бар: БҚО, Алматы мен Қарағанды облыстары. Қалған 8 өңір "жасыл" аймақта", – деді.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу