Алты партия Қарағанды облыстық мәслихатына сайлауға кандидаттар тізімдерін ұсынды

693

Қарағанды облысында ҚР Парламенті Мәжілісіне екі депутат және барлық деңгейдегі мәслихаттарға 214 депутат сайланады.  

Алты партия Қарағанды облыстық мәслихатына сайлауға кандидаттар тізімдерін ұсынды Фото: gov.kz

Қарағанды облыстық мәслихатына аралас жүйе бойынша 36 депутат сайланады: 18 – партиялық тізім бойынша және 18 – бір мандатты округ бойынша, деп жазады inbusiness.kz Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Облыстық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Қарағанды облыстық мәслихатына сайлауға тізімдерді алты партияның филиалдары ұсынды: Қазақстан Халық партиясы, Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы, "Ауыл", AMANAT, "Ақ жол" және Respublica.

"Партиялық тізімге облыстық мәслихат депутаттығына барлығы 59 кандидат енгізілді", – делінген облыстық сайлау комиссиясының хабарламасында.

Тағы 69 кандидат 18 бір мандатты округ бойынша ұсынылды. Бұл өзін-өзі ұсынушылар және партиялардың өкілдері.

Бір мандатты екі округ бойынша мәжіліске 31 кандидат ұсынылды. Оның бесеуі партиядан: AMANAT, "Ақ жол" және Қазақстан Халық партиясы, біреуі – "Қазақстан тұтынушыларының Республикалық Қауымдастығы" ЗТБ қоғамдық бірлестігінен, қалғаны – өзін-өзі ұсыну жолымен.

Қалалық және аудандық мәслихаттарға кандидаттар үшін сайлаушылар тек бір мандатты округтер бойынша дауыс беретін болады.

Үміткерлерді тіркеу 18 ақпан сағат 18.00-ге дейін жалғасады. Содан кейін 18 наурыз күні сағат 00:00-ге дейін өтетін сайлау науқаны басталады. 18 наурыз-тыныштық күні. 19 наурыз-сайлау күні.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу