Алты жастағы баланы ит талап өлтірді

1059

Сәтбаев қаласындағы саяжайда бүлдіршін қараусыз қалып қойған.

Алты жастағы баланы ит талап өлтірді

Қайғылы оқиға Сәтбаев қаласындағы саяжай аумағында болған. Бір топ ит алты жастағы баланы қоршап алып, талап тастаған. Бүлдіршіннің ата-анасы саяжай аумағында тұрған. Оқыс оқиға кезінде баланың жан дауысын естіген жақындары үйден шығып, иттерді қуып жіберген. Алайда олар кешігіп қалған. Бірнеше ит талаған бүлдіршін бірден мерт болған.

Айта кету керек, облыстың барлық өңіріндегі саяжайларда қаңғыған ит көп. Өйткені тұрғындар жаз бойы саяжайды күзетуге ит асырап, қыста оларды сол аумаққа тастап кетеді. Бүгінде полиция қызметі Сатбаев қаласындағы ветеринарлық қызметке дереу арада ит аулау қажеттігі жөнінде ұйғарым жіберген.

"Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сол күні қыз бала аулада үлкендердің қарауынсыз иттердің ортасында қалып қойған", – деп мәлімдеді Қарағанды облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта бүлдіршінді қараусыз қауіпті жерге қалдырғаны үшін ата-анасын жауапқа тарту мәселесіде қарастырылуда.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу