Алты жүзден астам үлескер күтіп жүрген тұрғын үйдің құрылысы қайта жанданды

703

"Жағалау-4" кешенінің құрылысы төрт жылдан бері тоқтап тұрды.

Алты жүзден астам үлескер күтіп жүрген тұрғын үйдің құрылысы қайта жанданды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов "Жағалау-4" тобының құрылысы қайта жанданғанын жеткізді, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайты.  

"Жұмыстарды аяқтауға мемлекеттен қаражат бөлінді. Құрылыс соңғы төрт жылда тоқтап тұрған, себебі сот процестері болды. Нысанда құрылысшылардың бірінші тобы жұмыс істеп жатыр. Мұнда 600-ден астам үлескер бар",– деп жазды Алтай Көлгінов "Инстаграмдағы" парақшасында.

Сонымен қатар, қала әкімі таңертеңгілік аралау барысында бірқатар әлеуметтік тұрғын үй құрылысының барысымен танысты (Е34, Е45 және Е18; Е32, Е33 және Е18 жобалық атаулары бар көшенің қиылысы).

"Құрылыс қарқынын арттыруды тапсырдым. Жұмысшылар мен техниканың санын көбейту қажет. Бастысы санитария нормаларын қатаң сақталу керек",– деді қала әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу