Алты жылға сотталған Сәкен Мамаш дипломат дәрежесінен айырылды

112

Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-дипломат Сәкен Мамашқа үкім шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алты жылға сотталған Сәкен Мамаш дипломат дәрежесінен айырылды Фото: informburo.kz

- Қылмыстық кодекстің 49-бабына сәйкес, Сәкен Мамаш 1-сыныпты кеңесші дипломатиялық дәрежесінен айырылды, - деді судья Артур Абдыханов үкімді оқи тұрып.

Үкімде айтылғандай, жәбірленуші тарап С.Мамашты 7 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған. Сондай-ақ сотталушы кінәсін мойындамады. Осы орайда қорғаушы тарап қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақтауды сұрады.

Алайда сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куә, айғақтарымен, сараптамалық қорытынды, бейнежазбалар, скриншот және өзге де іс материалдарымен дәлелденді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу