"Алтын адам" 12 халықаралық көрмені аралады

1182

Ұлттық музей мен Орталық мемлекеттік музей үздік бестіктің қатарына қосылды.   

"Алтын адам" 12 халықаралық көрмені аралады

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеуінше, еліміздің барлық жетекші музей қорықтарының аумағында визит орталықтардың құрылысы жүріп жатыр.

"Былтыр Түркістан облысындағы "Отырар" және Алматы облысындағы "Таңбалы" визит орталықтарының құрылысы аяқталды. Биыл "Ұлытау", "Гаухар ана", "Ордабасы" және "Сауран" музей-қорықтарының визит орталықтары қолданысқа берілуге тиіс. Сонымен бірге 2021 жылдан бастап "Есік", "Берел", "Шілікті" визит орталықтары іске қосылады", – деді Ақтоты Райымқұлова халыққа есеп беру кездесуінде.

Бұдан кейін министр соңғы 3 жылда "Әлем музейі бойынша Алтын адам шеруі" атты халықаралық көрме ұйымдастырылып, тарихи жәдігер әлемнің 12 елін аралағанын айтты. 

"Ұлттық музей мен Алматы қаласындағы орталық мемлекеттік музейі онлайн турлар мен виртуалды экскурсиялар бойынша ТМД елдерінің үздік тарих және мәдениет музейлері рейтингісінде ТОП-5 қатарына енді. 

2019 жылдан бастап "Музейлер шеруі" республикалық акциясы іске қосылып, 125 отандық музейге келушілердің саны 150 мың адамды құрады", – деді Ақтоты Райымқұлова.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу