Алтын адам әлемді "аралап" жүр

1047

Алтын адам Ташкенттегі көрмеге қойылды.

Алтын адам әлемді "аралап" жүр

Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу құрметіне орай ҚР Ұлттық музейі Өзбекстан Мемлекеттік өнер музейінде "Ұлы Дала: тарих және мәдениет" көрмесін ұйымдастырды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Көрменің ашылу салтанатына ҚР Ұлттық музейінің директоры Алмаз Нұразхан, Өзбекстандағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Дархан Сатыбалды, Өзбекстан Республикасы мәдениет вице-министрі Камол Акилова, Өзбекстан Мемлекеттік өнер музейінің директоры Васила Файзиева қатысты.

"Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" көрме жобасы Елбасы Н.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қолға алынған болатын. ҚР мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен бүгін, міне, жетінші мемлекетке табан тіредік. Көрмеге "Ұлы даланың жеті қырында" атап көрсетілген әр сала бойынша құнды жәдігерлер қойылды. Өзбекстандықтар бізге жат емес, тарих, мәдениет, салт-дәстүр, діни ұғымдарымыз ортақ қалыптасқандықтан, бүгінгі көрме сіздергі қызықты болады деп ойлаймын", – деді ҚР Ұлттық музейінің директоры Алмаз Нұразхан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу