"Алтын Адам" Македонияға апарылды

1164

Ұлттық музей "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" жобасын жариялаған болатын.

"Алтын Адам" Македонияға апарылды

ҚР Ұлттық музейі Солтүстік Македония Республикасының Ұлттық археологиялық музейінде "Ұлы дала: тарих және мәдениет" көрмесін ашты. Көрме "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрме жобасы аясында ұйымдастырылды.   

Көрменің мақсаты – Қазақстанның тарихи-мәдени бай мұрасымен шетелдік көрерменді таныстыру. Көрмеге Қазақстанның символы саналатын "Алтын адам" қойылды.

Ұлттық музей халықаралық "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" жобасын жариялап, шара шеңберінде Беларусь, Ресей, Әзербайжан, Қытай, Польша және Оңтүстік Корея, Өзбекстан музейлерінде өткен көрмелер де үлкен жетістікпен өткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу