"Алтын адам" Малайзия көрмесіне қойылды

1597

Бұл көрме "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрме жобасы аясында 1 қазаннан 31 қазанға дейін жалғасады.

"Алтын адам" Малайзия көрмесіне қойылды

Бүгін ҚР Ұлттық музейі (сағат 15.00-де) Куала-Лумпурдағы Малайзия музейлерінің департаментінде   "Ұлы дала: тарих және мәдениет" атты көрмесін ашты, деп хабарлайды ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Көрменің мақсаты – Қазақстанның тарихи-мәдени бай мұрасымен шетелдік көрерменді таныстыру. Осы орайда, көрмеге Қазақстан Республикасының символы саналатын "Алтын адам" қойылады.

Көрменің салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы, Малайзияның Туризм, өнер және мәдениет министрі Датук Мохамаддин бин Кетапи, ҚР Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Иманбаев, Малайзия музейлері департаментінің Бас директоры Датук Камарул Бахарин бин А.Касим қатысып, жылы лебіздерін жеткізді.   

Естеріңізге сала кетейік, өткен ғасырда Алматының маңындағы Есік қорғанынан археолог Кемал Ақышев "Алтын адамды" тауып, археология саласында сенсация жасаған еді. Кейіннен баға жетпес олжаға "Қазақ Тутанхамоны" деген ат беріліп, "ғасыр жаңалығы" деп танылды.  Ежелгі дала билеушісінің тәжіндегі қанатты алтын пырақ әшекейлері Қазақстан Республикасы Елтаңбасының бөлшегіне айналса, "Алтын адамның" мүсіні Алматыдағы Тәуелсіздік алаңына орнатылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу