"Алтын адам" Түркияға "сапарлайды"

939

Анкарада "Ұлы Дала: тарих және мәдениет" көрмесі ашылады.

"Алтын адам" Түркияға "сапарлайды"

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 12 қыркүйек күні Түркияның Анкара қаласындағы "Анатолий өркениеттері" музейінде "Ұлы Дала: тарих және мәдениет" көрмесін ашады.

"Көрме "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 12 қыркүйектен 12 қазанға дейін жалғасады",– деп хабарлайды ҚР Ұлттық музейінің баспасөз бөлімі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі халықаралық "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" жобасын жариялаған еді. Ауқымды шара шеңберінде Беларусь, Ресей, Әзербайжан, Қытай, Польша және Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Македония музейлерінде еліміздің құнды жәдігерлері таныстырылған. Көрме 2019 жылдың соңына дейін жер шарының тағы да екі еліне баратын болады. 

Есік қорғанынан табылған заттар арасында ежелгі жазба ескерткіштерінің бірі руна жазумен жазылған жазбасы бар күміс тостағанның экспозициядан алар орны ерекше.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорларынан барлығы 207 зат ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу