Алтын алғандарға 250 мың доллар беріледі

1185

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Токиодағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және бапкерлерге берілетін сыйақыға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

 Алтын алғандарға 250 мың доллар беріледі

"Олимпиада жеңіске еткен спортшыларға, олардың бапкерлеріне сыйақы тағайындау туралы ереже қабылданды. Осы құжатқа сәйкес, бірінші орын алған спортшы мен оның бапкеріне 250 мың доллардан беріледі. Бапкерлердің сыйақысының 10%-ы спортшыны тапқан, таныған бапкерге беріледі. 80%-ы спортшыны дайындаған бапкерге ұсынылады. Қалған 10%-ы бас бапкерге төленеді", – деді Ақтоты Райымқұлова.

Министрдің мәлімдеуінше, екінші орынға –150 мың, үшінші орын 75 мың доллар тағайындалады.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу